A- A+

Комплаенс

Банк корреспондентеріне ақпарат:  Download

_________________________________________________________________________________________________________________________________________

«КЗХ Банкі ЕБ» АҚ  қымбатты клиенттері

«КЗХ Банкі ЕБ» АҚ өз беделін жоғары бағалайды, осы мақсатта Банктің қызметінін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігінің ішкі бақылауын, сондай-ақ Банктің қаржы нарығындағы қызметін реттейтін ішкі ережелер мен рәсімдерге сәйкестігінің жузеге асыратын Комплаенс-бақылау Қызметі Банкте жұмыс істейді.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы әрекет ету.

«КЗХ Банкі ЕБ» АҚ Комплаенс-бақылау қызметі өз қызметінде «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі - КЗ / ТҚҚІ туралы Заң) және 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 екінші деңгейлі банктер үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау ережесін нұсқау етіп қолданады.

Құжаттар: US Patriot Act, Wolfsberg Group Questionnaire

 

FATCA -  «Шетелдік шоттардың салықтық бақылауы туралы» АҚШ заңы Foreign Account Tax Compliance Act.

     «КЗХ Банкі ЕБ» АҚ АҚШ Федералдық Салық қызметінің веб-сайтында тіркелген және FATCA талаптарын сақтайтын барлық қаржы институттарының мүшесі болып табылады («Шетелдік шоттардың салықтық бақылауы туралы» АҚШ заңы Foreign Account Tax Compliance Act).

      «КЗХ Банкі ЕБ» АҚ 6MK1IK.99999.SL.398 - GIIN (Global Intermediary Identification Number - делдалдың жалпы сәйкестендіру нөмірі) алды.

 Құжаттар: W-8BEN-E

 

Құрметті клиенттер!

Халықаралық аударма жөнінде хабарландыру.

Сізге кез-келген валютада ақша аудару кезінде алушылар тікелей немесе жанама түрде осындай елдердің резиденттері (жеке және заңды тұлғалар) болып табылатыны туралы хабарлаймыз: Иран (IRAN), Куба (CUBA), Сирия (SYRIA), Судан (SUDAN) және Бирма (MYANMAR / BURMA), Корея Халық Демократиялық Республикасы (КХДР немесе Солтүстік Корея) / Democratic People's Republic of Korea (DPRK/NORTH KOREA), сондай-ақ олардың бөлімшелері мен басқа елдердің резиденттерімен бірлескен кәсіпорындардың (орналасқан жеріне қарамастан), шет мемлекеттердің уәкілетті органдарының Банк клиенттерінің ақшаларына тыйым салу қаупі бар (мысалы, АҚШ Қазынашылығы / OFAC).

Сәйкес операциясын жүргізуге АҚШ уәкілетті органының (http://www.treasury.gov/resource-center/sanctions/Pages/default.aspx) қолданыстағы OFAC лицензиясын клиент ұсынған жағдайда, шығыс аудармалары ерекшелік болып табылады.

The Office of Foreign Assets Control (Шетелдік активтерді бақылау жөніндегі басқарма) - OFAC)