A- A+

Акционерлер

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлері үшін хабарлама

 

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 51-бабына сәйкес «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ 2017 жылғы 18 тамызда өткізілген «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

 

1. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін;

 

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 15 000 000. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 14.936.476.

 «Қолдағандар» – 14.936.476, «қарсы дауыс бергендер» – 0, «қалыс қалғандар» – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданды.

 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында болған өзгерістер мен толықтырулар негізінде «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ Жарғысының жаңа редакциясы бекітілсін. Жарғының жаңа редакциясына қол қою уәкілеттігі Басқарма төрағасы – Арифиоглу А.Зеки мырзаға берілсін және тіркеу жұмыстары жүргізілсін.

 

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 15 000 000. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 14.936.476.

 «Қолдағандар» – 14.936.476, «қарсы дауыс бергендер» – 0, «қалыс қалғандар» – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданды.

 

3. Директорлар кеңесінің сандық құрамы үш кісі болып анықталсын.

    Тахир Демиркыран мырза, Темель Таяр Йешил мырза және Яшар Йылмаз мырзаның Директорлар кеңесі мүшелерінде өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

 

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 15 000 000. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 14.936.476.

 «Қолдағандар» – 14.936.476, «қарсы дауыс бергендер» – 0, «қалыс қалғандар» – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданды.

 

«КЗХ Банкі»ЕБ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне Муса Арда мырза, Юксель Джесур мырза және Мехмет Тюфекджи мырза (Тәуелсіз директор ретінде) үш жылдық мерзімге сайлансын.

 

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 15 000 000. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 14.936.476. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған акционерлердің кумулятивтік дауыс беру үшін жалпы дауыс саны – 44.809.428.

Кумулятивтік дауыс беру қорытындылары: Муса Арда мырза - 14.936.476 кумулятивтік дауыс, Юксель Джесур мырза - 14.936.476 кумулятивтік дауыс, Мехмет Тюфекджи мырза (Тәуелсіз директор ретінде) - 14.936.476 кумулятивтік дауыс.

 

4. Банктің 2017ж. жылдық қаржылық есептілігін және T.C. Ziraat Bankası A.Ş. шоғырландырылған есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» (Ernst & Young) ЖШС аудиторлық ұйым анықталсын.

 

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 15 000 000. «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына дауыс беруге қатысып отырған дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 14.936.476.

 «Қолдағандар» – 14.936.476, «қарсы дауыс бергендер» – 0, «қалыс қалғандар» – 0.

Шешім дауыс беруге қатысып отырған «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ дауыс беруші акциялардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданды.

«Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі»

Акционерлік Қоғамының Акционерлеріне

Хабарландыру

19.07.2017ж.

050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі» Акционерлік Қоғамы (бұндан әрі - «ҚЗХ Банкi ЕБ» АҚ) келесі мәліметті хабарлайды: 18 шілде 2017 жылында болған Директорлар Кеңесінің жиналысында Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысы 18 тамыз 2017 жылы, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 18 тамыз 2017 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы болмаған жағдайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан 2017 жылғы 19 тамызда, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.          

 

Қайтадан өткізілетін акционерлердің  жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 19 тамыз 2017 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылғы 17 тамыздағы деректері негізінде жасалады.   

  

 

Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің бекітілуі.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына жасалған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Жарғысының жаңа редакциясын бекіту, «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Басқарма төрағасына Жарғыға қол қою және тіркеу үшін уәкілет беру.
  3. Директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлау және оның уәкілеттік мерзімі мен сыйақысын анықтау.
  4. Банктің 2017 ж. жылдық қаржылық есептілігін және T.C. Ziraat Bankası A.Ş. шоғырландырылған есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» (Ernst & Young) ЖШС аудиторлық ұйымының анықталуы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын жүргізуге қатысты ақпаратпен: +7 (727) 250-60-80, вн.1941; +7 (727) 2 444 000 телефондары бойынша танысуға болады.

 

«ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылуына дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге оның уәкілеттігін растайтын сенімхатты, немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығын растайтын құжатты көрсетуі тиіс.

 

Акционерлер-заңды тұлғалар олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркеу еліне қатысты, олардың акционерлерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарын сақтау туралы өтінішін беруге тиіс. Өтініш нысаны «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның: www.kzibank.kz корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.

 

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум анықталған есепке алынбайды және дауыс беруге қатыса алмайды.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын таңдауды жүргізеді, ашық немесе жасырын (бюллетень бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді.

 

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

 

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

 

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады және қол қойылады.

 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Жарғысының 10-бабына сәйкес жүргізіледі.

өтініш

04.05.2017

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ акционерлері үшін хабарлама

 «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі» АҚ-ның

Акционерлері үшін хабарландыру

28.03.2017 ж.

050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі» Акционерлік Қоғамы (бұндан әрі - «ҚЗХ Банкi ЕБ» АҚ) келесі мәліметті хабарлайды: 28 наурыз 2017 жылында болған Директорлар Кеңесінің жиналысында Акционерлер жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.

Акционерлер жылдық жалпы жиналысы 28 cәуір 2017 жылы, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 28 сәуір 2017 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы болмаған жағдайда акционерлердің қайта жылдық жалпы жиналысы 2017 жылғы 29 сәуірде, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.          

Акционерлердің қайта жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 29 сәуір 2017 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойыншағы деректердің негізінде жасалады.   

 

Акционерлер жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің бекітілуі.

2.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның 2016 жылғы жылдық қаржы есептілігін бекіту.

3.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның 2016 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.

4.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің 2016 жылғы қызметі туралы есебін қарау.

5.         Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау.

6.         Директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлау және оның уәкілеттік мерзімі мен сыйақысын анықтау.

7.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Басқармасының 2016 жылғы қызметі туралы есебін қарау.

8.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның акционерлеріне «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесі және Басқарма мүшелері сыйақысының  мөлшері және олардың құрамы туралы ақпарат беру.

9.         «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ акционерлерінің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жүргізуге қатысты ақпаратпен: +7 (727) 2 50-60-80, вн.1941; +7 (727) 2 444 000 телефондары бойынша танысуға болады.

«ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы ашылуына дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге оның уәкілеттігін растайтын сенімхатты, немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығын растайтын құжатты көрсетуі тиіс.

Акционерлер-заңды тұлғалар олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркеу еліне қатысты, олардың акционерлерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарын сақтау туралы өтінішін беруге тиіс. Өтініш нысаны «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның: www.kzibank.kz корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтағанда есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын таңдауды жүргізеді, ашық немесе жасырын (бюллетень бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс беру Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жылдық жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады және қол қойылады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Жарғысының 10-бабына сәйкес жүргізіледі.