A- A+

Директорлар Кеңесі

МУСА АРДА

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 

Арда мырза, Чукуров Университетінің Экономика және басқару факультетін тәмамдады. 1994 жылдан бастап «Pamukbank T.A.Ş.»-да Қаржылық талдау маманының көмекшісі ретінде жұмыс істей бастады. 1994 жылдан бастап 2004 жылға дейін «Türkiye Halk Bankası A.Ş.»-да сарапшы және Банктік қызмет көрсету бөлімінің Директоры, сонымен қатар Гүнешлі филиалының маркетинг бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2005 жылдан бастап «Türkiye Halk Bankası A.Ş.» Коммерциялық маркетинг басқармасының Директоры болып тағайындалды. Содан кейінгі жылдарда Қаржылық талдау басқармасының Директоры, Несие политикасын басқару және Жобаларды бағалау бөлімінің Директоры, Коммерциялық мекемелерге кредит беру басқармасының Директоры және Стамбул қаласының ІІ-ші аудандық округінің координаторы қызметтерін атқарды. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «T.C. Ziraat Bankası A.Ş.» Несие беру бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келуде.

«ҚЗХ Банкі»ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Төрағасы (29.04.2016 ж.)

Ziraat Bank Uzbekistan Директорлар Кеңесінің мүшесі/Директорлар Кеңесінің Төрағасының Өкілі (19.06.2012 ж.)

 

 

ЮКСЕЛЬ ДЖЕСУР

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Джесур мырза, Босфор Университетінің Экономика және менеджмент  факультетін тәмамдады. 1996 жылдан бастап «T.C. Ziraat Bankası A.Ş.» -да инспектор көмекшісі, ал содан кейін инспектор болып тағайындалды. 2005 жылынан бастап  Оқыту Департаментінің Директоры қызметін атқарды. 2007 жылы Джесур мырза Қазынашылық операциялар басқармасының Директоры, ал кейін Аграрлық секторда маркетинг тобының Жетекшісі болып қызмет атқарды.  2014 жылғы желтоқсан айынан бастап Басқарма Төрағасының Ішкі бақылау жөніндегі Орынбасары қызметін атқарып келуде.

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Мүшесі (21.04.2014 ж.)

 

НУРХАН КЮЧЮККАЯЛАР

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ - ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР

 

Нурхан ханым, 1966 жылы Йозгат қаласында дүниеге келген. Анкара Университетінің Құқықтану факультетін  тәмамдады. 1991-2014 жылдары арасында «Халк Банкасы А.Ш. (Halk Bankası A.Ş.)» Банктің адвокаты, кеңесші заңгер және де I. кеңесші заңгер қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап адвокаттық қызметін атқаруда. Нурхан ханым банктік құқық, коммерциялық құқық, азаматтық құқық, корпоративтік құқық, әкімшілік құқық және  салық заңнамасы бойынша мамандырылған.

2018 жылдың 27 сәуір айынан бастап, Нурхан Кючюккаялар «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Мүшесі,  Тәуелсіз Директор.

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директор

(27.04.2018 ж.)