A- A+

Басқарма

А. Зеки Арифиоглу

Басқарма Төрағасы

 

Зеки Арифиоғлу 27 Маусым 1976 жылы Кахраманмарашта дүниеге келді. 1998 жылы Анкара Университетінің Еңбек экономикасы және еңбек қатынастар бөлімінің Политология факультетің бітірді. 2004 жылы Анкара Университетінің Қаржы бөлімінің Әлеуметтік ғылым Институтінде магистратураны бітірді. 1999-2000 жылдар кезенінде Т.C. Зираат Банкасының мектебін аяқтаған соң 2000-2006 жылдары Алдын ала талдау және Кредит бағалау Департаментінде Адам ресурстары басқармасында Т.C. Зираат Банкасы А.Ш. –ның Ішкі бақылау басқармасында маман және ішкі бақылаушы ретінде жұмыс істеді. 2006-2010 жылдары Департаменттің Директор қызметін атқарды, 2010-2011 жылдан бастап Астана қаласындағы Орталық филиалдың Директор қызметін атқарды, 2011 жылдың мамыр айында Банктің Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2012 жылдың 14 шілдесінен бастап Банк Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Ағылшын және орыс тілдерін біледі.

 

 

Бижанов Ренат Хусаинович

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының Орынбасары

 

Алматы облысының Нарынқол ауылында 1962 ж. 24 қаңтарында дүниеге келді. 1986 ж. "Тұран Банкінің" маманы болып еңбек іскерлігін бастады. ТКМ мен Атакент банктерінде жұмыс жасады. Банк алаңында барлығы 20 жыл еңбек көрсеткен. KZ- 1996 жылдан бастап «ТКМ Банк» ЖАҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2002 жылы «ТКМ Банк» ЖАҚ және "КЗИ Банк" ЖАҚ қайта кұру себебінен "КЗИ Банк" ЖАҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Кәзіргі таңдада сол лауазымға ие. Отбасы иесі, екі қызы бар.

 

 

Масенова Галия Багашаровна

Басқарма Мүшесі - Басқарма Төрағасының Орынбасары

 

Масенова Галия Багашаровна, 9 ақпан 1975 жылы дүниеге келді. Қаржы менеджментiнiң магистрi болып табылады. Банктiк сектордағы жұмыстың мерзiмiнде халықаралық бөлiмнiң маманынан бастап тәуекелдерді басқару департаменттiң директоріне дейін қызметiн атқарды. 29.07.2005-22.01.2012 ж.ж. - Тәуекелдерді басқару департаменттiң директоры.

23.01.2012 жылынан бастап Басқарма Мүшесі болып тағайындалды.

10-шы сәуір 2014 жылынан бастап Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.

Банкта жетекшілік ететін бағыттары: Жалпы Бухгалтерия Бөлімі және Бюджеттеу, Тәуекелді Басқару және Тиімділігін Талдау Бөлімі.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Қазақ, Орыс, Түрiк, сонымен қатар Ағылшын тiлдерiн бiледi.

 

 

Сейткулова Баглан Ауэзхановна

Басқарма Мүшесі - Басқарушы директор

 

Сейткулова Баглан Ауэзхановна, 27 шілде 1975 жылы дүниеге келді. 2000 жылы инженер - экономист мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтын бітірді, сол жылы «ҚЗХ Банкi ЕБ» АҚ-да жұмысқа бастады.

Банктік қызмет көрсету, корреспонденттік қатынастар, валюталық және фондтық операциялар, тәуекелдерді басқару және ішкі аудит сияқты салалар бойынша қызмет ету тәжірибесі бар. 2010 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың қаңтар айы аралығында Ішкі аудит қызметінің Басшысы қызметін атқарды.

23 қаңтар 2012 жылдан бастап Басқарма Мүшесі - Басқарушы директор қызметін орындауда. Банкта жетекшілік ететін бағыттары: Несие беру Бөлімі, Заңды Тұлғаларды Талдау Бөлімі және Проблемалық несиелердің мониторингі және қадағалау Бөлімі.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Қазақ, Орыс, Түрiк тiлдерiн бiледi.

 

 

Канапияева Айгуль Мерзияшевна

Басқарма Мүшесі – Орталық Филиалдың Директоры

 

Канапияева Айгуль Мерзияшевна, 18 ақпан 1966 жылы дүниеге келді. С.М Кирова атындағы Қазақ Ұлттық Университетін (қазіргі- Аль-Фараби атындағы ҚҰУ) тәмәмдап шықты.  Банк саласында 18 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. "ҚЗХ Банкi ЕБ" АҚ-дағы қызметіне 1998 жылы Заңгер ретінде бастады. 1999-2008 жж. - Валюталық бақылау мен құқықтық жұмыстар Департаментінің Директоры, Астана қаласындағы Банктің орталық филиалнының Директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылынан бастап - "ҚЗХ Банкi ЕБ" АҚ-да Басқарма Мүшесі - Басқарушы директор қызметін орындады.

2013 жылдың 30-шы сәуірінен бастап ҚЗХ Банкi ЕБ" АҚ-ның Алматы қаласы Орталық Филиалының Директоры қызметін орындауда.

Банкта жетекшілік ететін бағыттары: Филиал қызметін басқару.

Қазақ, Орыс, Түрiк тiлдерiн бiледi.