A- A+

Миссияны пайымдау

МАҚСАТ

Қазақстанның екпінді дамып отырған қаржы нарығында рөлімізді бекітіп, шетелдік капиталы бар банкілердің арасында бірінші үштіктен орын алу.

КӨРІНІС

Даму және клиентке бағытталған бизнес моделі мен тұрақты пайданы негізге ала отырып, клиенттер мен қызметкерлердің таңдауына түсу.

Қағидаттар мен құндылықтар

i. Сенімділік: Біз өз іскерлік серіктестерімізбен банк ісіндегі білімімізді ескеріп, ұжымдық құндылықтарды басшылыққа ала отырып сенімді қарым-қатынас орнатамыз. Клиент мәселелерін өз мойнымызға алып, оларды шешіп, қорытындыларын үнемі қадағалап отырамыз.

ii. Әділдік: Біз әлеуметтік және ұжымдық жауапкершілікті түсінеміз, сол себептен клиенттерімізді алаламай, бөтен мен өзіміздікіге бөлмей қараймыз..

iii. Адалдық: Өз жұмысымызда клиенттермен, қызметкерлермен, акционерлермен, еншілес компаниялармен және басқа банкілермен, мекемелермен, ұйымдармен, жергілікті басқару мекемелерімен адалдық қағидатын ұстанамыз.

iv. Бейтараптық: Адамның абыройын құрметтеу қағидатын негізге ала отырып, біз адамдарға біржақты қараудан аулақпыз және өз клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді бөліп-жармаймыз. Клиенттерге қызмет көрсету барысында ұлттық, діни, жынысты, қаржылық немесе әлеметтік белгілері бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.

v. Қоғамдық пайдаға талпыну: Өз міндетіміз бен жұмысымызды орындау барысында біз тек пайда алуға ғана талпынбаймыз, сонымен қатар әлеуметтік пайда әкелуге, қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық және мәдени шараларды қолдауға тырысамыз.

vi. Әділетсіз бәсекеге жол бермеу: Бәсеке біз үшін банк секторіндегі барлық банктерге экономикалық шешімдерін еркін қабылдауға мүмкіндік беретін заңға сай бақталастық. Өз ісімізді еркін нарықта жүзеге асырып жатқандықтан, әділетсіз бәсекеге әкеп соқтырар іс-әректтер мен арыздардан бойымызды аулақ ұстаймыз.

vii. Адал жарнама: Өз қаржы құрылымымызды, банк өнімдерін және қызметтерімізді жарнамалағанда адал, жалпы мораль қағидаттарына және Заң нормаларына сай қызмет етеміз. Банк ісінің атына нұқсан келтірер іс-әрекеттер жасамаймыз. Өз жарнамаларымызда басқа банктердің абыройы мен олардың өнім, қызметтеріне күмән келтіретіндей сөздер мен сөйлемдер пайдаланбаймыз.

viii. Клиенттер туралы ақпараттың құпиялылығы: Біз өз клиенттеріміз туралы ақпаратты, оларға тиесілі құжаттарды құпия ұстап, сақтаймыз, ақпаратты Заңға сай уәкілетті тұлға мен мекемелерден басқа ешкімге жария етпейміз.