A- A+

Есепшот

Ағымдағы шоттар бойынша операциялар

Банк ұсынады

  • Банктік шотын ашуға өтініш;
  • Банк шотының шарты;
  • Қол қою және мөрдің баспа-таңбасының үлгісімен құжаттар бланкісі.
  • "Өз Клиентіңді біл" сауалнамасы

Банктік шотын ашуға арналған қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

·         қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·     қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

·     қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

·      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

·        құрылтайшылық құжаттары және (немесе) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімінен үзінді көшірме.

 

Қазақстан Республикасының резиденті-дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіпқой медиаторлар үшін:

·         қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·         жеке басын куәландыратын құжат;

·         нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - жекеше нотариустар үшін;

·         адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - адвокаттар үшін;

·   атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі - жеке сот орындаушылары үшін;

·   медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі - кәсіпқой медиаторлар үшін;

·         Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

 

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

·         қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·         резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;

·         уәкілетті орган берген, есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтамасы, сондай-ақ мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жазылған тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереже не оның нотариат куәландырған көшірмесі және Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі-резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін;

·       сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен белгіленген тәртіппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

·    қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

 

 Қазақстан Республикасының резиденті емес дара кәсіпкерлер үшін;

·         жеке басын куәландыратын құжат;

·         қол қою үлгісі және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·         Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

 

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін:

·         жеке басын куәландыратын құжат;

·         қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·         Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

 

Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үшін:

·         қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат (мөрі бар жағдайда);

·         дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі;

·         резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын тіркеу куәлігінің көшірмесі;

·      қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

 

             Қажет болған жағдайда, Банк қосымша құжаттарды сұрай алады

Клиентке ағымдағы шоты бойынша операцияларды жүзеге асыруға қойылған қажетті шарттар:

  • Банкте ашылған ағымдағы шотының бар болуы;
  • Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес операцияларды жүргізуге төлем құжаттарын (нұсқау) ресімдеу (төлем тапсырмалары, валютаны аудару үшін өтініш, айырбастау үшін өтініш және т.б.);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық операциясы болып табылатын ақша аударымдарын және төлемдерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.

Банкте ашылған ағымдағы шоттары бойынша келесі операцияларды жүзеге асыруыңызға болады:

  • Банк ішінде немесе басқа банктерге ақша аудару (теңге және шетел валютада);
  • Сатып алынатын және қойылған тауарлар, жабдықтар, өндірістік өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленген зейнетақы жарналары;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына төленген міндетті әлеуметтік ақша аударымдары;
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мақсатында;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа мақсаттарда;
  • Ақшасыз шетел валютасын айырбастау (сатып алу/сату);
  • Қолма-қол ақшалармен операциялар (ағымдағы шотқа ақшаны аудару және ағымдағы шоттан қолма-қол ақшаны беру).

Қызметтер құны

           Банк ағымдағы шоты бойынша операциялары үшін комиссиялық сыйақыны Банк тарифтеріне сәйкес алады.