A- A+

Туркия үшін

Жеке тұлғалардың шетелдік валютамен SWIFT жүйесіндегі ақша аударымдары

Ақша аударымдар SWIFT халықаралық жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні SWIFT жүйесі қандай елде болмаса да, банк арасында есеп-айырысу жүргізуге ең ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз болып табылады.

Басқа банкке ақша аударымын аудару үшін:

  1. «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу. Басқа жағдайларда ақша аударымын шотты ашпай жіберу мүмкін.
  2. Ақша алушының деректемелерін білу:
    1. Ақша алушының Аты-жөні, шот нөмірі немесе алушының төлқұжаттық деректері, егер шоты болмаса (кез келген банк төлқұжаттық деректердегі аударымдарды қабылдамайды);
    2. Банк Бенефициардың атауы, орналасқан елі және қаласы, Банк Бенефициардың SWIFT-коды немесе Банк Бенефициардың басқа сәйкестендірме коды;
    3. Жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа ақшаларды ресей рубілінде аудару үшін: ақша алушының ЖСН, БСК және Банк Бенефициардың корреспонденттік шоты, «ВО» валюталық операция коды қажет.
  3. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну.  
  4. Ақша аудару үшін банктің операциялық қызметкеріне өтінішті толтырып, беру.
  5. Ақша аудару комиссиясын ескере отырып, шотқа қажетті соманы енгізу қажет.

Басқа банктен ақша аударымын алу үшін:

  1. «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу.
  2. Жөнелтушіге өз деректемелерін ұсыну.
  3. Ақша аударымын алу үшін валюталық бақылау рәсімінен өтуге банкке хабарласуы қажет. Өзіңізбен бірге сізді куәландыратын, күшін жоғалтпаған құжатты міндетті турде әкелуіңіз шарт.