A- A+

Есепшот

Банктік шот ашу

Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалар үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалар үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат,
  • резидент еместің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;

Банктік шоттармен жұмыс істеу

Банк шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады және оның қызмет көрсетуімен байланысты банктік қызметтерін көрсетеді:

  • Клиенттің шотына және оның басқа шоттарынан, сонымен қатар Қазақстан Респубикасы резиденттерінің және бейрезиденттерінің шоттарынан қолма-қол немесе ақшасыз арқылы түскен ақша теңгемен және/немесе шетел валютасында шотқа аударады;
  • Клиенттің сұрауы бойынша оның шотынан басқа шоттарына, немесе Қазақстан Респубикасы резиденттерінің және бейрезиденттерінің басқа шоттарына төлемдерді және ақша аударымдарды теңге және/немесе шетел валютасында жүзеге асырылады. Клиенттің шотынан төлемдер және ақша аударымдар, тек қана оның тапсырысы бойынша, немесе клиенттің нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша жүргізіледі;
  • Клиентке ақша шоттан қолма-қол теңге және/немесе шетел валютада беріледі. Үшінші тұлғаларға – ҚР резиденттеріне және бейрезиденттеріне ақша шоттан қолма-қол теңге және/немесе шетел валютасында, тек қана клиенттің нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхат негізінде беріледі;
  • Банк Клиенттің шоты бойынша барлық шығын операцияларын шоттағы сома шегінде жүзеге асырады;
  • Клиенттің сұрауы бойынша шоттың көшірмесін береді;
  • Клиенттің сұрауы бойынша шотқа қатысты анықтаманы береді;
  • Клиенттің өтінішіне сәйкес, оның шотындағы қолма-қол және ақшасыз валютаны сома шегінде сатып алу/сату операцияларын жүзеге асырады.

Банктің тарифтеріне сәйкес, банк қызметтерін ұсынғаны және банк операцияларын жүзеге асырғаны үшін Банк клиенттен комиссиялық сыйақыны алады.