2024 жылғы 31 Наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен барлық Азаматтар мен Компанияларға қолдау сөздерін білдіреміз.
Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық Азаматтар мен Заңды тұлғаларға қандай да бір айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, төлемдер автоматты түрде 2024 жылдың 1 Сәуірінен 30 Маусымға дейін кейінге қалдырылады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тізімінде көрсетілген клиенттерімізге Жеке және Заңды тұлғаларға, біздің Банкке хабарласқан жағдайда қарызды қайта құрылымдау ұсынылуы мүмкін.
Банктің клиенттеріне жергілікті атқарушы органдардың тізімдерінде көрсетілген Жеке және Заңды тұлғаларға қайта құрылымдауға өтінішті жақын маңдағы Банк филиалына тікелей жүгіну арқылы, немесе KZI Bank-тің Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 17а мекенжайында орналасқан негізгі офиске поштамен өтініш жіберу арқылы, немесе Банктің customerservice@kzibank.kz электрондық мекенжайына е-мэйл жазу арқылы бере аласыз.
Құрметпен.