Құрметті Клиенттеріміз,
2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап біздің Банк Түркістан қаласында жаңа филиалдың ашылғандығы туралы қуана хабарлайды. Ол қаланың заманауи және қарқынды дамып келе жатқан бөлігінде, Б.Саттарханов, 27Н мекен-жайы бойынша орналасқан. Жаңа филиалды керемет болашақ күтіп тұрғанына сенімдіміз, өйткені біз өз қызметіміздің сапасына, өнімдеріміздің бірегейлігіне және Банк менеджерлерінің жоғары біліктілігіне күмәнданбаймыз.
Жаңа филиалымызға сәттілік, одан әрі
өркендеуіне және тұрақты жұмыс істеуін тілейміз!