01.01.2020 бастап заңды тұлғалар қолма-қол ақшаны алу тұралы

Құрметті клиенттер!

«Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысының 29-тармағына сәйкес

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап «Қолма-қол ақшаны заңды тұлға клиентке беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға клиент ұсынған қолма-қол ақша алуға арналған өтінім бойынша банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».

Осыған байланысты, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың шоттарынан қолма-қол ақшаны қолма-қол ақшаны алуға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей банкке берілген қағаздағы немесе электронды түрдегі өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.