Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда

Банктік қарыз келісім шартының шеңберінде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамаған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігі және Банктің құқықтары туралы мәліметтер:

тұрақсыздық айыбы төленуі (айыппұлдар, өсімақы);

қарыз Алушының есеп шотындағы ақшаны өндіріп алу;

қарызды сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру;

сотқа жүгіну және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған мәліметтер.


Егер қарыз алушы жеке тұлға болып табылса, онда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес банктік қарыз шарты (бұдан әрі - Шарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Банкке баруға және (немесе) жазбаша нысанда не Шартта көзделген тәсілмен міндеттемені орындауды кешіктірудің туындау себептері, кірістер және оны Шарттарға өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынуға құқығы бар.

Бұл ретте қарыз алушы-жеке тұлғаның Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Банк Шартқа қарыз алушы-жеке тұлға ұсынылған талаптарын қарайды және қарыз алушы-жеке тұлғаға:

1) Шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

2) Шарттың талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;

3) Шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда немесе Шартта жазылған өзге тәсілмен хабарлайды.

Банктің Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған жағдайда немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, сіз осындай шешімді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылысыз.

Қарыз алушыны Банк туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттілігі туралы Банктің талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда, Банк ақшаны, даусыз тәртіппен, оның ішінде Сіздің банктік шоттарыңызда бар төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу Шартта ескертілген болса) құқылы.

Қарыз алушы Банктің Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттілігі туралы талабын қанағаттандырмаған, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған жағдайда не қарыз алушы - жеке тұлға мен Банк арасында Шарт талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайда, Банк Заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беруге құқылы (Шартта Банктің осындай құқығы болған жағдайда), Заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға Шарт бойынша құқықты (талап етуді) беру, Шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы.