Басқарма

Мұрат Алкан

Басқарма төрағасы

 

Мурат Алкан 1973 жылы Түркия, Орду қаласында дүниеге келді.  

1994 жылынан бастап Т.С. Зираат Банкасы А.Ш. банкінде жұмыс істеп келеді.

1993 жылы Тракья Университетінің компьютерлік бағдарламалау факультетін тәмамдады, 2001 жылы Анадолу Университетінің «Бизнес және оны басқару»   факультетін тәмамдады.

2011 жылынан 2013 жылына дейін Трабзон аймақтық Корпоративтік банкинг Кеңсесінің директоры,  2013 жылында болса Артвин (Ахари) қаласындағы Филиал директоры, 2014 - 2015 жылдары Қара теңіз аймақтық кеңсесінің Сату және тиімділік департаментінің Директоры,  2015-2018 жж. Антакья (Хатай) қаласындағы Филиалының Директоры,  2018 жылынан 2020 жылына дейін Газиантеп қаласындағы Корпоративтік Филиалдың Директоры, 2020 жылынын маусым айынан бастап Трабзон аймағының  аймақтық директоры қызметін атқарды.

22-ші тамыз 2022 жылынан бастап «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Т.С. Зираат Банкінің банк мектебі Басқарушылар академиясының түлегі. Анкара.


Масенова Галия Багашаровна

Басқарма Төрағасының орынбасары

 

Масенова Галия Багашаровна, 9 ақпан 1975 жылы дүниеге келді. Қаржы менеджментiнiң магистрi болып табылады. Банктiк сектордағы жұмыстың мерзiмiнде халықаралық бөлiмнiң маманынан бастап тәуекелдерді басқару департаменттiң директоріне дейін қызметiн атқарды. 29.07.2005-22.01.2012 ж.ж. - Тәуекелдерді басқару департаменттiң директоры.

23.01.2012 жылынан бастап Басқарма Мүшесі болып тағайындалды.

10-шы сәуір 2014 жылы Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Қазақ, Орыс, Түрiк, сонымен қатар Ағылшын тiлдерiн бiледi.


Баталов Жалгас Куандыкулы

Басқарма мүшесі, Маркетинг және сату тобының Басқарушы директоры

Баталов Жалгас Куандыкулы, 2 ақпан 1975 жылы дүниеге келді. 1999 жылы Стамбул Университетінің «Экономика» факультетін тәмамдады. 2004 жылының қараша айынан 2005 жылының қыркүйек айына дейін Т.С. Зираат Банкасы А.Ш. Білім беру басқармасының “Банктік және жеке дамудың негіздерін үйрену” курсы бойынша білім алды. Банк саласында 25 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. Жалгас Куандыкулы мансап жолына 1999 жылында Алматы қаласының «Халық Банк» филиалының маманы ретінде бастады және кейін "ТКИ Банк" АҚ-да жалғастырды. Әртүрлі жылдары «Демир Қазақстан Банк» АҚ-да және Талдықорған қаласындағы «БТА Банк» АҚ-да Филиал Басшысы және Директоры ретінде қызмет атқарды. 2010 жылынан бастап  "ҚЗХ Банкі" ЕБ" АҚ-да  Проблемалық несиелермен жұмыс істеу бөлім Директоры ретінде қызметіне бастады.  2013-2015 жылдары арасында Астана Филиалының Директоры, 2015-2017 жылдары арасында Ақтау қаласындағы Филиалының Басшысы, 2017-2018 жылдарында Операциялық тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлім директоры ретінде қызмет атқарған Жалгас Куандыкулы, 2018 жылын бастап Маркетинг және сату бөлім директоры болып тағайындалды. 01 шілде 2019 жылынан бастап "ҚЗХ Банкі" ЕБ" АҚ-ның Басқарма мүшесі болып сайланды. 17 қыркүйек 2021 жылынан бастап Маркетинг және сату тобының Басқарушы директоры қызметін атқаруда. Қазақ, Орыс, Түрік тілдерін біледі.

Чигамбаев Бауыржан Ермуханбетулы

Басқарма мүшесі, Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

 

Чигамбаев Бауыржан 29 сәуір 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетін (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) Информатика мамандығы бойынша және 2007 жылы Орталық-Азия Университетін Қаржы мамандығы бойынша тәмәмдады.

Чигамбаев Бауыржан еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Іле аудандық филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы болып бастады. Банк саласында 19 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. 2006 жылы Алматы облыстық филиалы Ақпараттық технологиялар департаментінің бағдарламалық қамтамасыз бөлімінің бас инженері болып тағайындалды. 2015 және 2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес ұйымы «Халық» сақтандыру компаниясында IT-инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-да 2022 жылдың наурыз айынан бастап Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры ретінде жұмыс жасайды.

2022 жыл 10-қарашада «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.

 

Канапияева Айгуль Мерзияшевна

Басқарма Мүшесі – Орталық Филиалдың Директоры

 

Канапияева Айгуль Мерзияшевна, 18 ақпан 1966 жылы дүниеге келді. С.М Кирова атындағы Қазақ Ұлттық Университетін (қазіргі Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ) тәмәмдап шықты.  Банк саласында 25 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. "ҚЗХ Банкi ЕБ" АҚ-дағы қызметіне 1998 жылы Заңгер ретінде бастады. 1999-2008 жж. - Валюталық бақылау мен құқықтық жұмыстар Департаментінің Директоры, Астана қаласындағы Банктің орталық филиалының Директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылынан бастап - "ҚЗХ Банкі ЕБ" АҚ-да Басқарма Мүшесі - Басқарушы директор қызметін атқарды.

2013 жылдың 30-шы сәуірінен бастап ҚЗХ Банкі ЕБ" АҚ-ның Алматы қаласы Орталық Филиалының Директоры қызметін орындауда.

Банкта жетекшілік ететін бағыттары: Филиал қызметін басқару.

Қазақ, Орыс, Түрік тілдерін біледі.