Мақсат
Қазақстанның екпінді
дамып отырған қаржы нарығында рөлімізді бекітіп, шетелдік капиталы бар
банкілердің арасында бірінші үштіктен орын алу.
Көрініс
Қағидаттар мен құндылықтар
Сенімділік: Біз өз іскерлік
серіктестерімізбен банк ісіндегі білімімізді ескеріп, ұжымдық құндылықтарды
басшылыққа ала отырып сенімді қарым-қатынас орнатамыз. Клиент мәселелерін өз
мойнымызға алып, оларды шешіп, қорытындыларын үнемі қадағалап отырамыз.
Әділдік: Біз әлеуметтік және
ұжымдық жауапкершілікті түсінеміз, сол себептен клиенттерімізді алаламай, бөтен
мен өзіміздікіге бөлмей қараймыз..
Адалдық: Өз жұмысымызда
клиенттермен, қызметкерлермен, акционерлермен, еншілес компаниялармен және
басқа банкілермен, мекемелермен, ұйымдармен, жергілікті басқару мекемелерімен
адалдық қағидатын ұстанамыз.
Қоғамдық пайдаға талпыну: Өз міндетіміз бен жұмысымызды
орындау барысында біз тек пайда алуға ғана талпынбаймыз, сонымен қатар
әлеуметтік пайда әкелуге, қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық және мәдени
шараларды қолдауға тырысамыз.
Әділетсіз бәсекеге жол бермеу: Бәсеке біз үшін банк
секторіндегі барлық банктерге экономикалық шешімдерін еркін қабылдауға
мүмкіндік беретін заңға сай бақталастық. Өз ісімізді еркін нарықта жүзеге
асырып жатқандықтан, әділетсіз бәсекеге әкеп соқтырар іс-әректтер мен
арыздардан бойымызды аулақ ұстаймыз.
Адал жарнама: Өз қаржы құрылымымызды,
банк өнімдерін және қызметтерімізді жарнамалағанда адал, жалпы мораль
қағидаттарына және Заң нормаларына сай қызмет етеміз. Банк ісінің атына нұқсан
келтірер іс-әрекеттер жасамаймыз. Өз жарнамаларымызда басқа банктердің абыройы
мен олардың өнім, қызметтеріне күмән келтіретіндей сөздер мен сөйлемдер
пайдаланбаймыз.
Клиенттер туралы ақпараттың
құпиялылығы: Біз өз клиенттеріміз туралы ақпаратты, оларға тиесілі құжаттарды
құпия ұстап, сақтаймыз, ақпаратты Заңға сай уәкілетті тұлға мен мекемелерден
басқа ешкімге жария етпейміз.