Зираат Банкі

Түрік Мемлекеттік Зираат Банкі

Біздің негізгі акционеріміз, 1863 жылыңда Осман Империясында құрылған және бас кеңсесі Түркияның астанасы Анкарада орналасқан Акционерлық Қоғамы Түрік Мемлекеттік Зираат Банкі. Банк Түркиядағы ең ірі несиелік мекеме болып табылады.

Зираат Банкі Түркияда 1800-ден астам филиалдары бар кең филиалдық желісіне ие, өз клиенттеріне корпоративтік, коммерциялық, ауылшаруашылық және бөлшек сауда салаларында қызмет көрсетеді.

Зираат Банкі – ұлттық және әлемдік деңгейде күш. Түркиядағы ең үлкен банк желісін мақтан тұтатын Зираат Банкі әлемнің 17 елінде банктік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Банк қаржылық лизинг, зейнетақы қорлары, сақтандыру, инвестициялық банкинг, портфельдік инвестиция және ақпараттық технологиялар сияқты салаларда өз қызметтерін ұсынады. Бұл күшті ұйымдық құрылым Банктің жан-жақты қаржылық қызметтерді көрсету қабілетінің ең маңызды элементі болып табылады.

Түрік Мемлекеттік Зираат Банкі туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://www.ziraatbank.com.tr/en