Ziraat Bankası банкінің 2026 жылғы 26–30 мамыр аралығындағы жұмыс кестесі (Құрбан айт)

Қайырлы күн!

Сіздерге 2026 жылғы 26–30 мамыр аралығында Құрбан айт мерекесінің аталып өтуіне байланысты TURKIYE CUMHURIYETI ZIRAAT BANKASI A.S. банкінің бас кеңсесі (Head Office), сондай-ақ Түркия Республикасындағы банктің барлық филиалдары клиенттерге қызмет көрсетпейтінін хабарлаймыз.

Аталған күндердің Түркияда ресми демалыс күндері болып табылатынын назарға алуларыңызды сұраймыз.

Осыған байланысты 2026 жылғы 26 мамыр (сағат 12:00-ге дейін) мен 30 мамыр аралығында қабылданған USD, EUR, TRY және GBP валюталарындағы аударымдар 2026 жылғы 01 маусым валюталау күнімен рәсімделуі қажет.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!